Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен мәжіліс депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы «Қамшы»порталы Ақорданың Twitter желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Айта кетейік, 2014 жылдан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін Бердібек Машбекұлы Сапарбаев атқарып келген болатын. Ал бүгін Бердібек Машбекұлы ҚР Президентінің жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған.
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Пікір қалдыру