“Жағдай нашар”. Қазақстанның бас санитар дәрігері үндеу жолдады

/image/2021/03/21/crop-103_6_778x1038_680816a7-f0d5-4e74-9e6d-c1d403eebe61.webp

Қазақстанның Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарға ескерту айтты. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады.

– Соңғы күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатыны өздеріңізге белгілі. Кеше елдің екі ірі мегаполисінде COVID-19-бен сырқаттанушылық ел бойынша анықталған барлық жағдайлардың 55%-ын құрады.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің жоғары болуы қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға барумен, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізумен, қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамаумен, сондай-ақ үй карантинін сақтамаумен байланысты, – деді бас санитар дәрігер.

Ерлан Қиясовтың айтуынша, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында өңірлік жедел штабтардың шешімі бойынша бірқатар шектеу шаралары қабылданды.

Сондай-ақ ол алдағы мереке, демалыс күндері денсаулығымызды және жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға шақырып, мынадай кеңестер берді:

  • Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына барудан бас тарту;
  • халық көп жиналатын орындарға бармау, мереке күндерін жақын адамдардың арасында өткізу;
  • қонақ шақырудан және қонаққа барудан бас тарту;
  • жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыста болмау;
  • әлеуметтік қашықтықты, маска кию режимін сақтау;
  • шетелге барудан бас тарту.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар