Томирис фильміне түскен актрисаға такси жүргізушісі шабуыл жасаған

/image/2021/03/25/2021032516292330390_36701118_223883091446884_623468385526611.jpg Фото: zakon.kz

Қазақстандық актриса Салтанай Құдайбергеноваға такси жүргізушісі шабуыл жасаған, оқиғаны полиция растады, деп жазады zakon.kz сайты.

Сайт мәліметінше, Индрайвермен тапсырыс қабылдаған такси жүргізушісі актрисаны теуіп түсіріп кеткен. Оқиға Алматыдағы Наурызбай батыр - Шевченко көшелерінің қиылысында болған.

Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов іс өндіріске енгізілгенін, дене жарақатының дәрежесін анықтау үшін жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Содан кейін барып қана заңнамаға сәйкес, тиісті шара қолданылады.
 
Қолда бар дерекке сай, жәбірленуші мен такси жүргізушісі жанжалдасып қалған. Жүргізушінің түр-тұлғасы анықталды. Алдағы уақытта оның әрекетіне құқықтық баға беріледі.
 
Салтанай Құдайбергенова "Кенже", "Бикештер" секілді сериалға, "Томирис" көркем фильміне түскен.
 
Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар