Кеше Қырғызстан республикасы премьер-министрі Темір Сариев қырғыз Үкіметінің кезекті отырысында Ресейдің мемлекеттік тілінде баяндама жасаған министрлерге ескерту жасап, сөгіс айтқан. Бұл туралы «Қамшы» порталы kyrtag.kg агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кеше Қырғызстанның Үкіметіндегі кезекті отырыста ел премьер-министрі Темір Сарниев орыс тілінде баяндама жасаған министрлерге ескерту жасап, сөгіс жариялаған.
Үкімет отырысында барлығы үш мәселе қаралған. Бірінші болып, Қырғызстанның экономика министрі Олег Панкратов бірінші жарты жылдықтың қорытынды есебін берген. Әдеттегідей баяндама орыс тілінде жасалған. Екінші болып сөз алған Қырғызстан қорғаныс министрі Абибилла Қудайбердиев те өз баяндамасын кеңестің тілінде жасаған. Үшінші мәселе бойынша сөз кезегі Қырғызстаннің әділет министрі Жылдыз Мамбеталиевке тигенде, министр ханым да өз баяндамасын жасау үшін Ресейдің мемлекеттік тіліне жүгінген.
Бұған шамданған премьер-министр Темір Сариев министрлерге ескерту жасаған.
«Қараңыздаршы, барлық үш баяндама да орыс тілінде жасалды. Барлықтарыңыз қырғыз тілін жақсы білесіздер. Бұл не сонда?»,-деді Темір Сариев мырза.
Түйін: Қазақстан Қырғызстанмен салыстырғанда экономикалық әлеуеті едәуір ілгері мемлекет саналғанымен, ұлттық құндылықтарға, мемлекеттік тілге деген құрмет мәселесінде біздің де қырғыздардан үйренеріміз көп.
Нұрзат Тоғжан
Пікір қалдыру