Бекшин жаңа қаулы жариялады. Карантин тағы ұзартылатыны белгілі болды

/image/2021/03/27/crop-6_19_412x732_20180314165645-750x500.jpg
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарып, карантин режимін 12 сәуірге дейін созды.
 
Жаңа қаулыға сай сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, мұражай, зообақ, ашық және жабық азық-түлік емес базарлар, кітапхана, кафелер мен ресторандар жұмысына тыйым салынады.

Жалпы білім беру мектептері мен арнаулы, жоғары оқу орындарында сабақ қашықтан оқу форматына көшеді. Бала санын 15-тен асырмаған жағдайда 1-5, 9 бен 11-сыныптардағы кезекші топтар жұмысына рұхсат етіледі.

Қоғамдық көлік жұмыс күндері штаттық режимде, демалыс күндері 6.00 мен 10.00, 17.00 мен 22.00 арағығында жүреді.

Азық-түлік дүкендері мен минимаркеттер 06.00 мен 24.00, супермаркеттер 06.00 мен 02.00 аралығында істейді.

Шаштараздар тек шаш қырқу қызметін ұсынады. Сән салондарының жұмысы шектеледі.

Фитнес орталықтардың, қоғамдық моншалардың, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысына, Медеуде жаппай сырғанауға тыйым салынады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Қазпошта 09.00 -18.00 аралығында істейді.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар