Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері С.Бейсенова қалада шектеу шараларының күшейтілгенін хабарлады.
"Сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін істейді, ал демалыс күндері жұмыс тоқтатылады" делінген бас санитар дәрігердің құжатында.
Қаулыға сәйкес:
- бұқаралық, отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), сондай-ақ мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салынады;
- қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, кинотеатрлар, кинорумдар, бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары және ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салынады;
- сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмыс күшейтіледі;
- қалалық қоғамдық көліктің жұмысы сенбі күндері штаттық режимде, жексенбі күндері жүрмейді;
- Қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студент, сондай-ақ қала оқушысы көшеді;
- жоғары оқу орындары мен колледждердің жұмысын барлық курс студенттері үшін қашықтықтан оқыту режиміне көшеді;
- білім беру мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салынады;
- Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Осы қаулы 2021 жылғы 30 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Пікір қалдыру