Карантин шараларының тиімділігі сараптамадан өтіп, қаулы қабылдарда кәсіпкерлердің пікіріне құлақ түріледі. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн баспасөз қызметінде мәлім етті.
– Ештеңеге қарамастан біз қаулыға өзгеріс енгізуге әзірміз. Жұма күні енгізілген карантин шараларына баға беріледі. Егер қандайда бір шаралар нәтиже бермесе, оны алып тастап, карантинді жеңілдетеміз. Нысандарға ғана емес, қолға алынған шараларды да ұдайы бағалау жүріп отырады, – деді ол.
Оның сөзінше, базарлар мен сауда ойын-сауық орталықтары вакцина салатын орын бөлуге ниет білдірген. "Ашық" қосымшасына кіріп үлгергендер жүйе бойынша жұмыс істей алады.
Сондай-ақ ол ресторандармен бірлесіп жазғы алаңы бар орындардың жұмыс істеу мәселесі шешілгенін атап өтті. Оған сәйкес, қоғамдық тамақтану орындары жазғы алаңда қонақ қабылдауына рұхсат. Тек орындардың жартысы ғана толуға тиіс әрі әр үстелдің арақашықтығы 2 метр болуы керек.
Артынша, Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. Ол бойынша кафе-расторандар жазғы алаңда күндізгі 07.00-22.00 аралығында қонақ қабылдай алады.
Студенттер қашықтан оқиды. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-5-сынып, 9,11-сынып оқушылары бала санын 15-тен асырмай кезекші сыныпта оқуға, оқушы саны 300-ден аспайтын мектептер дәстүрлі оқыту форматына өтуіне рұхсат.
Пікір қалдыру