Алматыдағы "Халық Аренаға" қайтадан науқастар жатқызыла бастады

/image/2021/03/31/crop-0_67_450x800_00baf012da4b0b550955e99bffb.jpg

Алматыдағы "Халық Арена" спорт кешені базасында қайтадан стационар құрылып, оған коронавирус жұқтырған жағдайы орташа науқастар жатқызылып жатыр, деп жазады Информбюро сайты.

Қазіргі уақытта ол жерде 18 пациент жатыр. Спорт кешенінде Covid-19-ға шалдыққандарға арналған 1000 орын бар.

"Ол жаққа іліспе сырқаттары бар  және жасы үлкен науқастар жеткізіледі. Стационарда КВИ науқастарға медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Заманауи жабдықтар мен талапқа сәйкес келетін төсек орындар қамтамасыз етілген" делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Спорт кешені ішіндегі провизорлық орталық қызметі індет өршуі төмендеген 2020 жылғы тамызда тоқтатылған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар