Айова штатының университетінің мамандары(АҚШ) кәрілік пен бұлшықеттердің кемуі процесін баяулату үшін күніне бір алма жеу жеткілікті деген қорытынды жасады. Бұл туралы «Қамшы» порталы vokrugsveta.ru-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Университеттің ғалымдары қызықты жаңалық ашты. Олар бұлшық еттердің кемуіне себеп болатын ақуызды анықтады . бұл процесс әсіресе, қартайғанда тез әрекет етеді. ATF4 деп аталатын ақуыз бұлшық ет тінінің дамуын реттейтін геннің белсенділігіне жауап береді. Ағзадағы ATF4 ақуызының тым артық болуы ағзадағы бұлшық ет тінінің көлемін қысқартады.
Тышқандарға жасалған зерттеу ATF4 ақуызы санының қысқаруы қартаюдың кері факторларына қарсы тұруға көмектесетінін көрсетті. Бұлшық ет тонусын сақтап тұрудың ең қарапайым әдісі - алма қабығында өте көп урсол қышқылын қабылдау. Тура осындай тиімді әсерді құрамында томатидин қоспасы бар томаттар да береді. Олар бұлшық ет өсіміне жол беріп, олардың күші мен төзімділігін арттырады. Ғалымдардың мәліметтерінше, бұлшық еттердің кәрілікке қарсыласуы үшін күніне бір алма немесе жасыл қызанақ жеу жеткілікті.
«Тышқандарға жасаған тәжірибелеріміз кеміргіштер бұлшық еттерінің массасының екі айдың ішінде 10 пайызға, ал бұлшық еттер күшінің - 30 пайызға өсімін көрсетті. Ол үшін олардың рационына 0,27 урсол қышқылын және 0,05 пайыз томатидинді қосу керек», - деп мәлімдеді зерттеудің жетекші авторы, Айова университетіндегі медицина профессоры Кристофер Адамс.
Пікір қалдыру