"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басқарма төрағасының орынбасары 2 миллион теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров хабарлады.
– Ол заңды тұлғаның құрылтайшысынан ортақ мүлікті басқару (жылу және электрмен қамтамасыз ету) бойынша ұйымның қызмет көрсету актісіне қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді, –деді Данияр Биғайдаров.
Бүгінде, "Бәйтерек" холдингіне кіретін "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған.
Пікір қалдыру