Ақтөбе облысында 4 сәуірден бастап карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы өңірдің бас санитар дәрігері хабарлады.
Қаулыға сәйкес:
♦ Халыққа қызмет көрсету орталықтары, "Қазпошта" АҚ бөлімшесі дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге істейді.
♦ сауна және моншалар дүйсенбі және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді.
♦ сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары және косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша дүйсенбі және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді.
♦ жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спортмектептері, спортклубтары, жаттығу залдары), фитнес орталықтары және спорттық-сауықтыру орталықтары алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.
♦ бассейндер (1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы) дүйсенбі-сенбі аралығында істейді.
♦ Сауда үйлері (балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынумен) дүйсенбі мен сенбі аралығында жұмыс істейді;
♦ Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендер дүйсенбі-сенбі аралығында істейді.
Пікір қалдыру