Қазақстанның алты өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.
Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары "сары" аймақта.
Ал қалған барлық өңір "жасыл" аймақта тұр.
Пікір қалдыру