Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда сайты.
"Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын" делінген хабарламада.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы" жарлыққа қол қойды.
Пікір қалдыру