60 адамға арналған бизнес-тренинг және «Физика» бар-клубы белгіленген тәртіпті үшінші рет бұзып отыр. Алматыда санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполисте қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері белгілеген карантиндік нормаларды бұзғандарды анықтау және олардың алдын алу бойынша 40 мониторингтік топ жұмыс істеуде.
Биылғы жылдың 4-сәуірінен 5-сәуіріне қараған түні белгіленген шектеулердің 9 рет бұзылғаны анықталды. Анықталған 8 нысанның ішінде мейрамханалар, дәмханалар мен дүкендер, 1 сауна бар. Сонымен қатар, 55 жеке тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
А.ж. 19 наурыз бен 5 сәуір аралығында белгіленген шектеулерге қатысты барлығы 457 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
• Алатау ауданы бойынша - 15 факт ;
• Алмалы ауданы бойынша - 90;
• Әуезов ауданы бойынша - 79;
• Бостандық ауданы бойынша - 74;
• Жетісу ауданы бойынша – 36;
• Медеу ауданы бойынша - 61;
• Наурызбай ауданы бойынша – 32;
• Түрксіб ауданы бойынша - 56.
Анықталған нысандардың жалпы санының ішінде мыналар бар: 299 мейрамханалар, дәмханалар мен дүкендере, 68 компьютерлік клуб, 12 бильярд клубы, 37 СПА-салон, 21 сауна, 2 кальян бары, 11 караоке клубы, 3 лото клубы, 5 түнгі клуб. 2410 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.
Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне, сондай-ақ мутацияланған британдық және Оңтүстік африкалық КВИ штамдарының тез таралуына қарамастан, қала тұрғындары адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруда және оларға жиі баруда.
Мысалы, ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Алмалы ауданының мониторингтік тобы «Физика» бар-клубының нормативтік талапты бұзғанын анықтады. Жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан келушілерді қабылдаған. Жалпы, 45 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік жауапкершілік туралы хаттамалар толтырылды. Тіпті , аталған бар клуб осымен үшінші рет тәртіп бұзуда. Өткені, сотты шешемі бойынша клубтың жұмысы 1 ай мерзім тоқтатылған болатын. Сондықтан заңды тұлғаның ісі ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес клуб жұмысын қызметін тоқтату үшін оған қатысты материалдар Алматы қ. МАЭС-на жіберіледі.
Наурызбай ауданында Қыдыров көшесі, 39 мекен-жайы бойынша орналасқан «Мара» мейрамханасында өткізіліп жатқан бизнес-тренингтің жолы кесілді. Мониторингтік топ келген сәтте іс-шараға 50-60 адам қатысқан. Сонымен қатар, құқық бұзушылар дөрекілік көрсеткен. Барлық материалдар әкімшілік хаттама толтыру үшін берілді. Қатысушылар 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, тиісті нормативтік талаптарды бұзғандар арасында мыналар да бар:
- Бостандық ауданы Бәйшешек көшесі, 74 мекенжайда шара өткізіліп, оған 40-қа жуық адам жиналған;
- Алмалы ауданында «Биографи» лаундж бары жұмыс істеген, онда 40-қа жуық адам болды;
- Медеу ауданында «Friendli» лаундж бары жұмыс істеді, онда 40-қа жуық адам болды.
- Бостандық ауданында «Papa Pipe» лаундж бары жұмыс істеген, онда 40-қа жуық адам болған.
Алматы әкімдігі тұрғындарды карантин шараларын сақтауға шақырады. 4 сәуірде коронавирустық инфекцияның 611 жағдайы тіркелді, оның 519-ы симптомды және 92-сі симптомсыз. Барлығы инфекциялық стационарларда (5 610 төсек) 3 263 адам емделуде, ересектерден - 67 науқастың жағдайы өте ауыр, 638-і ауыр, 2 558-і орташа ауыр жағдайда. Өткен тәулікті 89 пациент сауығып, үйлеріне шығарылса, 276 науқас түскен.
Пікір қалдыру