Журналистер Нұр-Сұлтан мен Семей қалаларында көрнекті мемлекет қайраткері, Алаш партиясының ұйымдастырушысы және Алашорда автономиялық үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановқа берілген көшелер шұрық-тесік болып, тозығы жетіп тұрғанын хабарлады.
Журналист Мұхтар Түменбай елордадағы Әлихан Бөкейханов атындағы көшенің тозып тұрғанына бірнеше жылдан асқанын айтады.
"Оу, Күлгінов мырза! Әкім деген лауазымыңды ұрайын тап сенің. Мынау жатқан көше Нұрсұлтан Назарбаевтың атында болса қалай зыр жүгіріп кетер едің а! Құдай біледі, бірінші болып құрдай жорғалап, күрекпен емес, қолмен асфальт төсеп, алақаныңмен тегістеп кетер едің. Қазақтың ардақты азаматы Әлихан Бөкейхановтың атындағы көшенің осылай былығып жатқаны бірінші жыл емес. Көше аталғалы солай жатыр.
Пікір қалдыру