Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды деді, – Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.
Сондай-ақ баспасөз хатшы барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтілетінін, президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайтынын айтты.
Пікір қалдыру