Байден мен Жапония премьер-министрі Қытайға қарсы біріккен майдан құратынын жариялады

/image/2021/04/17/crop-32_12_696x1172_3500.jpg

АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйдің алғашқы саммитін өткізді. Ол Қытайға қарсы тұру үшін Жапония премьер-министрі Йосихиде Сугамен біріккен майдан құру ұсынысын жариялады.

Байден Жапониямен келіссөздер жүргізетінін айтты. Экс-президент Дональд Трамптың кезінде бұзылған одақтастықты жандандыру туралы уәдесі бойынша одан әрі жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Вашингтон мен Токионың Бейжіңге қарсы одақтастығы баса айтылып, Қытай мәселесі күн тәртібіне шықты. Екі лидер бірқатар геосаяси мәселелерге, соның ішінде Тайваньға тоқталып, Суга "Тайвань бұғазының бейбітшілігі мен тұрақтылығының маңызын" қуаттаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар