Шығыс Қазақстанға қар түсті

/uploads/thumbnail/20170708193844647_small.jpg

Күн күрт құбылып, ауа салқындайтын болады. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Синоптиктер 2015 жылдың 5-17 қыркүйегіне арналған ауа-райы болжамын жария етіпті.

"Қазгидромет" РМК өкілдерінің айтуынша, Ресейдің Еуропалық аумағы аймақтарынан антициклон алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы жылжитын болады. Сондықтан республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, температура бұрынғыдай климаттық нормадан төмен болады, солтүстікте, орталықта және оңтүстікте күн ашылғаннан кейін 0, -3 градусқа дейін  төмендеп,үсік өтуі мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстанның батысында келесі атмосфералық фронт ауысады, онымен кей жерлерде жаңбыр жауады және қысқа мерзімді жылудан кейін қайтадан температураның төмендеуі күтіледі.

Ал, YK-news.kz өңірлік басылымының мәліметінше, 14 қыркүйекке қараған түні Шығыс Қазақстандағы Марқакөл қорығының аймағында қар түсіпті. Синоптиктер осы облыстың өзге аймақтарында да қар жаууы мүмкін дегенді айтып отыр. 
«Қамшы» сілтейді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар