Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер саласында кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлады Ақорда сайты.
Рәпіл Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына, Марғұлан Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы лауазымына, Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Ерлан Алтынбайұлы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын қоса атқарған.
Пікір қалдыру