Шыңғыс Айтматовтың әйелі Мария Айтматова қайтыс болды. Бұл ақпаратты жазушының атындағы мұражай растады, деп хабарлады 24.kg сайты.
Музей қызметкерлерінің айтуынша, көптен бері Мария Айтматованың жүрегі ауырып жүрген.
Мария Урматқызы 1942 жылы 13 шілдеде Шу облысында дүниеге келген.
Бірнеше күн бұрын жазушының ұлы Сабир Айтматов және бүкіл отбасы мүшелері коронавирус жұқтырғаны анықталған.
Шыңғыс Айтматов әйгілі қырғыз жазушысы. Ол "Жамилә", "Қоштасу", "Гүлсары", "Плаха", "Дауыл бекеті", "Ақ пароход", "Қызыл орамалды шынарым" сынды туындылардың авторы.
1999 жылы Айтматов әлемдік әдебиетті дамытудағы айрықша қызметі, қазақ және қырғыз халықтарының мәдениетін өзара байыту мен жақындастыруға қосқан үлесі үшін ""Қазақстанның "Отан" орденімен марапатталған.
Пікір қалдыру