Бір тәулікте елде 2696 адамнан коронавирус табылып, 135 науқастан пневмония анықталған. 23 адам короновирустан, 3 адам пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 294 946 адамға жетсе, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 52 025 адамнан пневмония анықталған.
19 сәуірдегі ақпарат бойынша 39 318 адам короновирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 13 756 пациент стационарда, 25 572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 671 адамның жағдайы ауыр, 185 пациенттің жағдайы өте ауыр, 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Пікір қалдыру