Қазақстанның 10 өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қостанай облыстары "сары" аймақта орналасқан.
Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облыстары ғана "жасыл" аймақта.
Пікір қалдыру