Еліміздің Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2015 жылғы қаңтар-шілдедегі Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы жайындағы статистиканы жариялады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. Көші-қон полициясы органдарының келіп-кету статистикалық есебін өңдеу кезінде 2015 жылдың қаңтар-шілде айларында елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2 пайызға артып, 9 689 адамды құрапты. Есесіне, Отанымыздан кеткендердің саны 7,4 пайызға артып, 15 615 адамды құраған.
Көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен рәсімделіп жатқан көрінеді. Мамандар "ТМД елдерінен келгендердің , сол елдерге кеткендердің үлесі, 86,4 пайыз және 90,1 пайызды құрайды.» деп көрсетілген статистика мәліметінде. Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 тамыздағы мәлімет бойынша еліміздегі халық саны 17 563,3 мың адамды құрайды екен.
Пікір қалдыру