Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті белсенді Жанболат Мамайдың азаматтарды митингке шақыру туралы мәлімдемесіне түсінікт берді.
"Жанболат Мамайдың митингіге шығуға байланысты үндеуіне қатысты Алматы қаласы "қызыл" аймақта болуына орай бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанын жеткізеді. Бұл тыйым қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген" делінген хабарламада.
Бұған дейін белсенді Жанболат Мамай мен оның жақтастары 24 сәуір күні Алматыдағы Уәлиханов алаңында митинг шығатынын мәлімдеп, азаматтарды алаңға келуге шақырған. Олар Қазақстанның "барлық бағыттағы жері шетелдіктерге жалға берілмесін әрі сатылмасын! Мұны тек қана жер кодексіне емес, Конституцияға жазып, бекітуді керек", Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлері ел азаматтарына да сатылмауға тиіс", "Қытайдың 56 зауытының құрылысын жүргізуге біз түбегейлі қарсымыз!" деген талаптармен шықпақ.
Белсенді сондай-ақ Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдемесіне қарамастан митинг өтенінін хабарлады.
Пікір қалдыру