Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 26 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Өткен тәулікте 2716 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 20 адам қайтыс болған.
Аймақтар бойынша тәулік ішіндегі жұқтыру дерегі төмендегідей:
Нұр-Сұлтан қаласында - 475
Алматы қаласында - 693
Шымкент қаласында - 96
Ақмола облысында - 150
Ақтөбе облысында - 125
Алматы облысында - 220
Атырау облысында - 97
Шығыс Қазақстан облысында - 86
Жамбыл облысында - 51
Батыс Қазақстан облысында - 166
Қарағанды облысында - 240
Қостанай облысында - 27
Қызылорда облысында - 82
Маңғыстау облысында - 50
Павлодар облысында - 75
Солтүстік Қазақстан облысында - 34
Түркістан облысында - 49.
25 науқастан пневмония анықталып, 4 адам қайтыс болған.
Ресми дерек бойынша елде 309 116 адам коронавируспен ауырған. 52 459 адам пневмония жұқтырған. 2716 науқас коронавирустан, 775 сырқат пневмониядан көз жұмған.
26 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 549 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 15 273 пациент стационарда, 27 276 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 769 адамның жағдайы ауыр, 179 пациенттің жағдайы өте ауыр, 113 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 26 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 893 633 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған.
Пікір қалдыру