Тоқаев "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын алды

/image/2021/04/27/crop-114_15_424x566_1672c298-d553-46f4-9310-830870515d58.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін алды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

– Екпе салдырғаннан кейін президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр.

Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді, – деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, президент вакцинаның бірінші компонентін 6 сәуірде салдырған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар