Шымкент қаласы коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймаққа қайтадан кірді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облысы "қызыл" аймақта тұр.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысы "сары" аймақта орналасқан.
⠀
Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы "жасыл" аймақта.
Пікір қалдыру