Алматыдағы инфекциялық стационарда коронавирустан 3 734 адам емделуде. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 695 жағдайы тіркелген. Оның 601-і симптомды 94-і симптомсыз. Стационардан 382 адам шығарылды, 392-сі қабылданды, барлығы 3732 науқас, оның 116-сы балалар.
Амбулаториялық-емханалық бақылауда 5484 пациент бар. 4831 науқастың жағдайы жеңіл және орташа, ал 653 сырқатта індет симптомсыз.
Алматыда бір тәулікте 8 468 адамға вакцина егілді. Оның 316-сына QazVac вакцинасы салынған.
Жалпы 1 ақпан мен 28 сәуір аралығында қалада 202 574 адамға вакцина салынды.
Пікір қалдыру