Алматыда 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында 3 жасар баланы жүк тиегіш қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 29 сәуір шамамен сағат 12:00-де болған. Саябақта жүрген баланы жүк тигіш басып кеткен. Салдарынан үш жасар бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Арнайы техниканың тізгінінде 51 жастағы ер адам отырғаны анықталды.
Аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 104-бабына (абайсызда қазаға ұшырату) сай сотқа дейінгі тергеу бастады.
Пікір қалдыру