Қазақстанның сегіз өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша “қызыл” аймақта тұр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта.
Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстары "сары" аймақта орналасқан.
⠀
Ал "жасыл" аймақта –Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы.
Пікір қалдыру