– Кеше бірқатар ақпарат құралдары қателесіп немесе қасақана прокурор маған айып таққаны туралы ақпарат таратты. БАҚ өкілдеріне, маған әлі айып тағылмағанын, тергеу жүріп жатқанын, бүгін күдік қаншалықты негізді екені, күдікті ретінде менің құқығымды шектеу-шектемеу мәселесі қаралатынын атап өткім келеді. Мен прокурор талап арызында бюджет қаражатын оңды-солды шашты, жымқырды деген айыптың заңды, негізі бар екенін растайтын сенімді дерек жоқ екенін мәлімдеймін. Жұрт алдында тұрып, тағы қайталаймын: осы іс бойынша да, министр қызметіндегі басқа кезеңде де менің ешқандай жемқорлық істеріне қатысым болмаған, – деді ол.
Пікір қалдыру