Ақмола облысында газ баллоны жарылып, ер адам ажал құшты

/uploads/thumbnail/20170708193905449_small.jpg

Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында 15 қыркүйек күні түнгі 01:30 шамасында қайғылы жағдай орын алған. Жеке меншік үйлердің бірінде болған өрттен ас бөлмедегі газ баллоны жарылған.  Бұл туралы «Қамшы» порталы «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасай отырып хабарлайды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1978 жылғы ер адамның мүрдесі табылған.

Қатысты Мақалалар