"Ashyq" қосымшасы қашаннан бастап әуежайларға енгізіледі?

/image/2021/05/13/crop-122_68_912x1216_mycollages-2021-05-13t150351.714.jpg

"Ashyq" жобасы ел әуежайларына енгізіліп жатыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.

– 2021 жылдың 11 мамырынан бастап көліктегі бас санитарлық дәрігердің қаулысымен "Ashyq" жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, қызыл аймақта орналасқан шығарып салушылар мен қарсы алушылардың әуежай ғимараттарына кіруін шектеу бойынша талаптар қойылды. 2021 жылғы 12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы осы жобаға қосылды, – деді вице-министр. 

Оның айтуынша, шығарып салатын және қарсы алатын жолаушылар әуежай ғимаратына қосымшаның көмегімен өтеді.

– "Ashyq" әуежайда аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсетті. Мәртебесі қызыл – 8, мәртебесі сары 9 жолаушы анықталды. Бұл індет жұқтырғанын, ауырып жүргенін біле тұра, адамдардың көбі әуежайға келіп, Қазақстан бойынша жүруге тырысатынын көрсетеді. Сонымен қатар, 21 мамырдан бастап "Ashyq" Алматы қаласының әуежайында енгізіледі, – деп айтты Әсет Тұрысов.


Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар