Семей қаласын жылумен қамтамасыз ету қаладағы күрмеуі шешілмей келе жатқан басты мәселелердің бірі. Қыс қаһарына мініп, аяз басталған уақытта семейліктер үйлерінің суық, жылу мардымсыз екеніне шағымдана бастайды. Тұрғындардан келіп түскен шағымдарға байланысты биылғы жылы жұмыс комиссиясы да құрылған еді. Олар жылыту радиаторларының неге жақсы қызбайтындығын анықтады. Бұл түсінікті жайт. Қаладағы шағын қазандықтардың ескіргені, күрделі жөндеуді қажет ететінін, бірақ бұл жағдайды түбегейлі өзгертпейтінін мамандар біраз уақыттан бері айтып келе жатыр. Тығырықтан шығып, сапалы жылумен қаланы қамтамасыз ету үшін үкімет деңгейінде Семейде жылу-электр станциясын салу туралы шешім қабылдаған болатын.
650 Гкал жылу қуаты мен 450 МВт электр қуаты бар станция қаланың тарихи бөлігіндегі жылу тапшылығын жауып, салынып жатқан аудандар үшін резерв құруы керек деп есептеді.
Тіпті бұқаралық ақпарат құралдары жоба туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді: құны шамамен $ 1,3 млрд, құрылыс мерзімі - 3 жыл деп ақпарат таратты.
2015 жылы «Unit Group» шетелдік компаниясының еншілес компаниясы - «Unit Energy Investment» ЖШС ықтимал инвестор ретінде аталды.
Бір ай бұрын, сәуір айында Unit Energy Investment өкілі Олжас Есенғарин ел арасында шу тудырған мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, компанияның Қазақстан Республикасының республикалық инвестициялар комитетімен келісімшарты болғанын, алайда облыстық атқарушы билік құрылыс үшін жер телімін бермегендіктен жұмысқа кірісе алмағандығын оның үстіне әкімдік инвестормен келісімді бұзу туралы сот ісін жүгінгендігін жеткізген еді. Алдымен сот талап арызды қанағаттандырмады, - деді ЖШС өкілі.
Бірақ содан кейін Семей қаласының әкімі сотқа арыз берді, сот бұл өтінішті қанағаттандырды, келісімшарт бұзылды. Бұл жағдайды Олжас Есенғарин жемқорлықпен байланыстырды. Олар серіктестік бөлуден бас тартқаннан кейін инвестор жер учаскесімен қиындықтарға тап болды дейді. Егер әкімдікте, қалада кедергілер жасалмаса, бүгінде сенімді жылу көзі болар еді дейді.
Барлығы жоспарға сәйкес пе?
Тәжірибелі инвестордың бірінші бастауы - бизнес-жоспар. Құжатта жобаның іске асырылуы туралы барлық ақпарат және ұзақмерзімге арналған кешенді жоспар көрсетіледі. Семей қаласының бұрынғы әкімі түсіндіргендей, қазір Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кеңесшісі Ермак Сәлімов «Unit Energy Investment» ЖШС ұсынған бизнес-жоспарымен алғаш танысқан кезде, тіпті ол құрылысқа қажет техниканың және компанияның қаржылық жағдайы туралы да толық ақпарат жоқ екеніне таң қалды.
"Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы нөмір: 1133 бұйрығындағы қосымшаға сәйкес инвестициялық жобалардың бизнес жоспарларына қойылатын талаптар нақты көрсетілген" деп түсіндірді басшы.
Толық инвестициялық шығындарды, қаржыландыру көздерін есептей отырып, жобаның қаржылық моделін көрсететін қаржылық бөлімнің жоқ болуының өзі мұндай инвестициялық келісімшартты жарамсыз деп тануға негіз болады"дейді.
Сонымен қатар, бұрыңғы қала әкімнің айтуынша, құжатта Семейдің жылу энергиясына қажеттілігі, әлеуметтік-экономикалық, қоршаған ортаға әсерін, табыстылығы мен өзін-өзі ақтау кезеңдерін бағалау сияқты маңызды бөлімдер болмаған. Бір қызығы Семей қаласының тұрғындары үшін электр қуаты қымбаттайды деген ақпарат көрсетілген. Не шикізат жеткізушілерімен келісім болған жоқ. Шикізат пен материалдардың жекелеген түрлері бойынша көлемдер туралы мәліметтерде болмады. Негізгі бәсекелестерді көрсете отырып, Семей қаласының жылу және электрмен жабдықтау жағдайын талдайтын маркетинг бөліміде,еңбек ақы төлеу қоры туралы мәліметтеріде болмады.
Екінші жағынан, құжатты қарау кезінде ЖШС жеткізушілердің мүдделерін қорғайтындай әсер қалдырды.Сол уақытта бізге ұлттық қауіпсіздік органдарынан ескерту хаттары келді », - деді Ермак Сәлімов.
Әлеуетті инвесторға қатысты оның дефолт фактілері, сондай-ақ сұрақтар туғызатын қаржылық схемалар келтірілді.
Сонымен қатар біз, серіктес ретінде көрсетілген Ресейлік комапанияларға сұрау салған кезде, олар бейхабар екенін жеткізді.Сөзімді дәлелдей түссем: "Сибэнергомаш БКЗ " ЖШС" Unit Energy Investment »ЖШС-мен келісімшарттық міндеттемелері жоқ екенін хабарлады.
«Орал турбина заводы» АҚ Unit Energy Investment ЖШС-мен жасалған келісімшарт жоқ екенін жеткізді.Сонымен бірге, әкімдік атап өткендей, ЖШС инвестициялық преференциялар алуға үміттенді, ал ең бастысы - Семей қаласының 140 гектар жерін 49 жылға жалға алуды көздеді. Заңнамаға сәйкес мұндай табиғи грант уәкілетті органмен, яғни қала әкімдігімен келісім бойынша берілуі мүмкін.Бірақ мұндай инвесторға жерді қалай беруге болады? - деп ашуға булықты бұрыңғы шаһар басшысы.
Іс сотта.
Сот ісі басталды. Экономикалық мәселелер бойынша дауларға тап болғандар мұндай процестердің әдетте күрделі және ұзаққа созылатындығын біледі. 2019 жылдың ақпанында Астана соты «Unit Energy Investment» ЖШС-мен инвестициялық келісімшартты жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды.
Жоғарғы Соттың апелляциялық сатысы үкімді өзгеріссіз қалдырды. 2019 жылдың мамырында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы шешімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.
Ақыры, 2019 жылдың 30 мамырында Жоғарғы Соттың комиссиясы дауға нүкте қойды: ол өзінің шешімімен Астана сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды, апелляциялық шағымдар - қанағаттандырусыз қалдырылды. Сол жылдың қыркүйегінде инвестор мен Инвестициялар жөніндегі комитет Жоғарғы
Соттың азаматтық істер жөніндегі бөліміне істі қайта қарауды сұрап, өтініш білдірді. Бірақ олардан бас тартылды. Жоғарғы сот «Unit Energy Investment» инвестициялық келісімшартын жарамсыз деп таныды, - деп түсіндірді Семей қаласының әкімдігі.
Басқаша айтқанда, облыс пен қала басшылығы заңды әрекет етті, облыс тұрғындарының мүдделерін қорғады. Компаниялар маңызды стратегиялық объектілерге келіп, уақытты созып, содан кейін келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін мемлекеттен миллиардтаған теңге өндіріп алғысын келетін мысалдар жетерлік! Бұл көптеген көршілес республикалардағы таныс қитұрқы әрекет.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Алмат Ақышовтың айтуынша, Семейде заманауи жылу электр станциясы пайда болады.Тек құрылыс процесі ашық және мердігер сенімді болуы керек. Ағымдағы жылы алдағы жылыту маусымына дайындық кезінде үлкен жұмыс көлемі қарастырылған. Атап айтқанда, қолда бар қуаттылықты арттыру мақсатында «Ғаббасов», «103-103А», «Орталық», «35 квартал» қазандықтарын жөндеу жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, жылу желілерін қалпына келтіру, гидравликалық сынақтар өткізу жоспарлануда.«Тендерлер өткізілді, мердігерлер анықталды», - деп түсіндірді басшы. 1-ші қыркүйекке дейін «Орталық», «103-103А», «Ғаббасов», «35-квартал» қазандықтарын жөндеу және «Орталық» және «103-103А» қазандықтары арасындағы көпір жасалады.
Бүгінде Семейліктер үшін қаланы кім жылумен қамтамасыз етеді - шетелдік инвестор немесе отандық, жеке компания немесе мемлекетікі маңызды емес, ең бастысы аязды күндері үй ішінде тоңып отырмау.
Адамдар үшін өздерін пәтерлерінде жайлы сезінуі және коммуналдық қызметтердің қол жетімділігі маңызды.
Пікір қалдыру