АҚШ соты кінәсіз сотталған ағайындылар үшін 75 млн доллар төлем төлеуді шешті

/image/2021/05/16/crop-16_26_682x1192_2587.jpg

АҚШ Солтүстік Каролина штатының азаматтық құқықтары жөніндегі федералдық сот алқасы екі ағайынды жігітке 75 миллион доллар төлем төлеу туралы шешім шығарды. Олар 1983 жылы 11 жастағы қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен сотталып, 2014 жылға дейін темір торда отырған.

Интеллектуалдық мүмкіндігі шектеулі екі ағайындының кінәлі емес екені жарияланып, оларға берілетін төлем есептелді.

Сегіз адамнан тұратын қазылар алқасы ағайынды Генри Макколлум мен Леон Браунның әрқайсысына 31 миллион доллардан, яғни түрмеде өткізген әр жыл үшін 1 миллион доллардан төлем берілу керек деп шешті.

Сондай-ақ қазылар алқасы оларға 13 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. 

Барлық дәлелдерді, соның ішінде қате жолмен басымдылық берілген дәлелдерді тыңдаған алғашқы алқабилер Генри мен Леонды кінәсіз деп тапты.

2014 жылы кісі өлтірушіні көрсететін ДНҚ дәлелдемелері бойынша екеуі ақталып түрмеден босатылды. Ағайындылар қылмыс үшін айыпталған кезде жасөспірім болған.

Адвокаттардың айтуынша, полиция оларды мойындауға мәжбүр еткен. Ол кезде Макколлум 19 жаста, ал Браун 15 жаста болған. Екеуі де сотталып, өлім жазасына кесілген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар