Қазақстанда теңге 50 пайызға құлдырап, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы тағы бір рекдордтық көрсеткіш орнатты. Астана және Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 300 теңгені құрады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. Дегенмен, «Казкоммерцбанк» АҚ-та долларды сату бағасы – 289.58 теңге болса, «Халық банк» АҚ-та – 286.00 теңгеге жеткен. Ал ҚР Ұлттық банкі бекіткен доллар бағамы – 276.83 теңгені құраған.