Қазақстанның "қызыл" аймағындағы өңірлер белгілі болды

/image/2021/05/24/crop-60_20_1777x2370_12345keychprsop.jpg

Қазақстанның алты өңірі коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта орналасқан.

Ал "жасыл" аймақта – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары.

эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар