Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өзінің twitter парақшасында кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының бас атқарушы директоры Илон Маскты Түркістанда Tesla зауытын салуға шақырды.
"Бізде Менделеев кестесінің барлығы бар. Түркістанды Ұлы жібек жолы басып өткен. Сондай-ақ бізде барлық қажетті инфрақұрылым бар. Түркістан – Tesla зауыты үшін таптырмас орын" деп жазды ол.
Жақында Илон Маск Tesla зауытын ресми түрде Ресейде ашу мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлаған.
Tesla – электромобиль құрастырумен айналысатын америкалық кәсіпкер Илон Маск компанияларының бірі. Техника саласына маманданған миллиардер бұдан бөлек ғарышты игеру ісімен шұғылданады.
Пікір қалдыру