Тоқаев жергілікті атқарушы органдарда сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдарда ауқымды түрде жүзеге асыруды тапсырып, мемлекеттік қызметшілердің санын кезең-кезеңімен қысқарту және мемлекеттік аппараттың ұйымдық құрылымын оңтайландыру жұмыстарын жалғастыру керектігін айтты. Президент құрылымды қайта өзгерту нәтижесінде үнемделген қаржыны еңбекақы көлемін арттыруға бағыттау маңызды екенін атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминге мемлекеттік қызметкерлердің санын кезең-кезеңмен қысқарту жұмыстарын жалғастыру керектігін айтты.
2018 жылы мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі іске қосылып, оған Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әділет министрлігі, бірқатар өңірдің әкімдіктері қатысқан.
"Жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде жобаға қатысушы мемлекеттік органдарда кадрлардың алмасуы 4,9 пайыздан 3,5 пайызға дейін азайып, мемлекеттік қызметтің тартымдылығы арта түсті (конкурс 1 орынға 3,4 есеге артты), орталықта және аймақтарда еңбекақы төлеу алшақтығы 70 пайыздан 16 пайызға дейін қысқарды" деп мәлімдеген Асқар Мамин президент қабылдауында болғанда.
Пікір қалдыру