"Арнайы топтар құрылды". Тұрғымбаев қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

/image/2021/06/11/crop-297_20_1045x1394_twrgymbaev.jpg

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пандемия уақытында интернет арқылы жасалатын қылмыс саны артқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

– Онлайн қызметтердің дамуына орай интернетпен жасалатын алаяқтық 2 есеге көбейді. 450 адам жауапқа тартылды. Осы қылмыстардың нәтижесінде азаматтарға 67 млн теңге шығын келді. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі кейбір қылмыспен күрес орталығының жұмысын күшейтті. Тек осы қылмыстарды ашатын арнайы топтар құрылды.

Алаяқтық істердің алдын-алу үшін басқа мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатудамыз. Өйткені шетелде Қазақстан азаматтарын алдайтындар көбейіп кетті. Осы жылдың өзінде Беларусь,  Ресей, Украина елдерінде азаматтарымызды алдаған 3 мыңға жуық факт тіркелді, – деді Тұрғымбаев.

Минстр азаматтарды онлайн сауда жасау кезінде абай болуға шақырды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар