"Сізден басқа қорғанымыз жоқ". Алматы тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады

/image/2021/06/16/crop-145_59_422x750_img-20210616-wa0001.jpg

Алматыда мал ұрлығы тыйылмай тұрғанын айтқан бір топ адам президент Қ.Тоқаевқа, президент әкімшілігіне, бас прокуратураға, ішкі істер министрлігіне үндеу жолдап көмек сұрады. 

Өздерін Медеу ауданындағы Сұлусай, Кеңсай секілді тау бөктеріндегі ықшамаудан тұрғындары ретінде таныстырған бір топ ер азамат мүйізді ірі қараны қолды қылу әрекеттерімен үнемі ұшырасып отырғанын, жағдайдың ушыққаны соншалық, ұрлықшылар әр үйдің қорасынан 4-5, кейде тіпті 10 басқа дейін алып кететінін айтады. Ең сорақысы олардың бәрі жауапсыз, жазасыз сытылып кетіп жатқанына налиды.

Арызданушы азаматтар бірнеше нақты жағдайды келтіріп,Медеу аудандық полиция бөлімініне жүгіну еш нәтиже бермегенін, адамдар полицияға сенбейтіндіктен, шағымданудан қалғанын жеткізеді.

Сөздерінше, жазаланбайтынына дандайсыған қылмыскерлер тапа-тал түсте ұрлық істерін жүзеге асырып, төлдегелі тұрған малдың қарнын ақтарып, адамгершілікке сыймайтын көпе-көрнеу әрекеттерге баратын болған.

Көмек сұрап барар жер, басар тауымыз қалмады деген олар президент Қ.Тоқаевқа «біздің сізден басқа қорғанымыз жоқ» деп үндеу жариялады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Beka (@baymakulov67)

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар