Әлеуметтік желіде санитарлық жағдайы сақталмаған сорақы орын деп жазылған аурухананы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, арнайы тексеріп барды. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Нұр.кз-ке» сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ондағы жағдайды көзімен көрген басшылар, аурухананың бас дәрігері мен тазалыққа жауапты мамандарын шұғыл түрде жұмыстан босатты.Олар ісіне жауапсыздар енді бұрынғыдай мемлекеттің қазынасына қол салмайтынын қатаң ескертті.
Бірнеше күн бұрын, қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан емделуші, палатада санитарлық жағдайдың жоқ екенін жазып, әлеуметтік желідегі парақшасына суреттерін салған еді. Бірден, назарға ілінген жағдайды қала әкімі ескеріп, шұғыл тексеріп келді. Бірақ тексеру барысында шаң басқан палата мен тозығы жеткен әжетхана жоқ болып шықты. Әкім келеді дегенді құлағы шалған, аурухана басшылары бір түнде бояп тастапты. Алайда, сырланған еденнің бояуы кеуіп үлгермепті де. Осылайша әкім шара қолдануға кірісіп кетті.