АҚШ президенті коронавирустың жаңа нұсқасы туралы ескерту жасады

/image/2021/06/19/crop-40_30_2068x2779_0c54562a391688b6038b195b994057a9.jpeg

АҚШ президенті Джо Байден Құрама Штаттарда коронавирустың жаңа Delta нұсқасы тіркелгені туралы ескертті. Ақпаратқа сәйкес, бұл – басқа нұсқаларға қарағанда әлдеқайда тез таралады.

Бұл нұсқа Үндістанда пайда болып, көктем кезінде Ұлыбританияда тарала бастаған. Жаңа вирус тез таралу салдарынан, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ел бойынша локдаунды аяқтау уақытын бір айға кешіктіруге мәжбүр болды.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы Delta-ны "алаңдауға тиісті маңызды жағдай" деп санайды. Жаңа вирустың АҚШ-тағы таралуы артып келеді. Кейбір сарапшылар Құрама Штаттардағы жабылу мен шектеулер қайта басталуы мүмкін дейді. Ал, қаржылық мамандар "Локдаун қайта басталса, әлемдік жетекші экономика есептелетін АҚШ экономикасы қайта әлсіреуі ықтимал, бұл ғаламдық дағдарысқа әкелуі мүмкін" дейді. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар