Петропавлда қаржы полициясының бірінші орынбасарын атып кетті

/uploads/thumbnail/20170708151119353_small.jpg

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы қаржы полициясының бірінші орынбасары Жандос Ахметов өз үйінің кіре берісінде  қылмыскердің қолынан қаза болды.

Оның жансыз денесі кешкі 20:00 шамасында үйінің кіреберісінен табылды, деп хабарлайды  Today.kz. Алдын ала болжам бойынша, Жандос Ахметовке бірнеше рет оқ атылған.

Мәйіт табылған жер қазір қоршауға алынды. Оқиға орнында құқық қорғаушылар жұмыс істеуде.

Аталмыш оқиға бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы ІІМ   ҚР Қылмыстық Кодексінің 96 бабына (адам өлтіргені үшін) сүйеніп, істің барлық нұсқалары қаралып, тексерілуде. Хабарламада: "Ахметовтың өлімі оның іскерлік қызмеіне байланысты деген тұжырымды жоққа шығармаймыз" делінген.

Жандос Ахметов қаржы полициясының органдарында 2012 жылдың мамыр айынан бастап қызмет атқарып келген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар