Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "Дельта" (Үнді) штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты елде локдаун режимі енгізілмейтінін мәлімдеді.
– Республика аумағында локдаун режимін енгізу мәселесін көріп тұрғаным жоқ. Кеше ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында Нұр-Сұлтан қаласында нақты шектеу шараларын қабылдадық. Қазір қабылданған шаралармен жұмыс істеудеміз. Нақты шешім қабылдау эпидемиологиялық жағдайға байланысты, – деді Тоғжанов.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда "Үнді" штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты ВАК қаланың бас санитар дәрігеріне карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырған болатын.
Пікір қалдыру