Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың эпидемиологиялық жағдайын айтты.
– 23 күнгі репордуктивтік өлшем 1,12-ге жетіп отыр. Айдың басында бұл көрсеткіш 1-ден төмен болатын. Мамыр айында бізде 9939 науқас тіркелсе, бүгінде 3346 болды. Күнделікті өзгеріс көбейіп келе жатыр. Осыған байланысты қайтадан инфекциялық жағдайға жылдам көшу үшін қаладағы 3 көпсалалы аурухананы коронавируске байланысты инфекциялық ауруханаға ауыстыруға жұмыс жүргізуді бастадық, – деді шаһар басшысы.
Бақытжан Сағынтаев қаланың "қызыл" аймаққа өту қаупі барын атап өтті.
– Жоспарлы түрде қабылданатын науқастарды қабылдау қазір тоқтатылды. Бір апта бойында бақылаймыз. Егер осылай жалғаса беретін болса, онда біздің жобамыз бойынша қазір "сары" аймақта тұрсақ, "қызыл" аймаққа өту қаупіміз бар. "Үнді штамм" соған алып келе жатыр, – деді Сағынтаев.
Пікір қалдыру