Қазақстанда коронавирустың бұрын-соңды болмаған көрсеткіші тіркелді

/image/2021/07/12/crop-12_8_509x904_8nfmd9if.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі 11 шілдеде 3899 адамнан коронавирус, 40 адамнан пневмония анықталғанын хабарлады. Бұл – пандемия басталғалы елде тіркелмеген жоғары көрсеткіш.

Вирустың таралуы Нұр-Сұлтан (950), Алматы (638), Шымкент қалаларында (264) Қарағанды (603), Атырау, (290), Батыс Қазақстан облыстарында (215) жоғары болып тұр. Тәулік ішінде Павлодар облысында – 142, Ақмола облысында – 139, Маңғыстау облысында – 126,  Қостанай облысында – 92, Алматы облысында – 85, Түркістан облысында – 71, Шығыс Қазақстан облысында – 68, Жамбыл облысында – 66, Қызылорда облысында – 64, Ақтөбе облысында – 55, Солтүстік Қазақстан облысында – 31 адамнан вирус анықталған.

10 шілдедегі дерек бойынша 34 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмған.

Елде 2020 жылғы 13 наурыз бен 2021 жылғы 12 шілде аралығында ресми түрде 458 724 адамнан коронавирус табылған. 4681 адам қайтыс болған. Осы аралықта 57 900 науқаста пневмония расталып, 3492 адам қайтыс болған.

12 шілдедегі мәлімет бойынша, 41 980 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 13 568 пациент стационарда, 28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандар арасында 815 адамның жағдайы ауыр, 189 пациенттің жағдайы өте ауыр, 126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 12 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 4 372 235 адам, II компонентін 2 442 715 адам салдырған.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар