Вакцина салдырмаған қызметкерлер жұмыстан шығарыла ма? Министрлік түсіндірді

/image/2021/07/13/crop-114_4_674x899_vacx.jpeg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәркенов COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырмаған адам жұмыстан қандай жағдайда шеттетілетінін түсіндірді.

– Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация екпе алушының келісімімен ғана жүргізіледі. ҚР заңнамасында вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған, – деді министр.

Вакцина салдырмаған қызметкерлер 7 күнде бір рет ПТР-тест тапсырып тұруға міндеттелген. Осыған байланысты, жұмыс беруші:

а) COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмаған жұмыскерге қашықтықтан жұмыс нысанына көшуді ұсынуға (мұндай мүмкіндік болған жағдайда) құқылы;

b) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қашықтан жұмыс істеуден бас тартқан не жұмысты орындау мүмкіндігі болмаған кезде жалақысы сақталмай шеттетіледі. Бұл ретте, жұмыс беруші уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау үшін басқа қызметкерді қабылдауға құқылы болады.

c) жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда және қызметкер жұмысты күндізгі режимде жүзеге асыруға тілек білдірсе, қызметкер өз есебінен міндетті ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өтуі қажет.

Сонымен бірге, тараптардың келісімі бойынша міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

– Осылайша, жұмыс беруші вакцинациядан бас тартуға байланысты қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы емес. Сонымен қатар, қызметкерлер өздерінің еңбек құқықтарын қорғау үшін жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына өтініш жасауға құқылы, – деп айтты министр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар