Кәсіпкер, қоғам белсендісі Санжар Боқаев әлеуметтік желідегі парақшасында "тиімділігі төмен, қажет емес" министрліктерді жабуды ұсынды.
– Министрліктердің санын өсіріп, үкіметімізден қайтадан "бегемот" жасап жатырмыз. Мысалы, планетаның ең ірі экономикасы болып табылатын АҚШ-та 15 министрлік болса, Ресей Федерациясында 17 министрлік бар екен. Бірақ Қазақстанда олардан да көп – 18 министрлік. Мүмкін біздің экономикамыздың көлемі АҚШ пен Ресейге қарағанда үлкендеу және құрылымдық жағынан күрделі шығар, – деген белсенді "қажет емес министрліктерді, комитеттер мен ведомстволарды жабу керек" деген пікірде.
Оның айтуынша, Қазақстанда көпшілігі аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бар екенін де білмейді. Осы министрліктен “Байқоңыр” космодромының қолданылу перспективасын зерттеуге 112 млн теңге қаржы бөлінген.
– Қасым-Жомарт Тоқаевтың Байқоңырды жалға беру уақытын 2050 жылға дейін ұзарту туралы құжаттарға қол қойғанын назарға алсақ, бұл әзіл сияқты естіледі. Егер біз бұл космодромды 2050 жылға дейін басқармайтын болсақ бұл зерттеудің не керегі бар? Байқоңырды Ресейге болмайтын тиынға өткізіп жіберудің орнына, осы жерде жаңа технологияларды дамытуы үшін Илон Маскпен (америкалық инженер - ред) хабарласып барлық мүмкіндіктерді жасауға болмас па еді? – деді С. Боқаев.
Қоғам белсендісі соңғы уақытта үкіметтің тиімсіз жұмысын, автоөнеркәсіп саласындағы көзбояушылықтарды, билікті және жемқорлықпен күрес әрекеттерін қатты сынап жүр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру