Алматыда әуежай қызметкерлері қамауға алынды

/image/2021/07/19/crop-114_23_1045x1394_photo_265430.jpg

Алматы әуежайының екі қызметкері теріс ПТР сынақтарын жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Әуежайда істейтін Ж есімді 29 жастағы әйел мен И есімді 28 жастағы ер адам ұсталды шетелге шыққандар үшін теріс ПТР-сынақтарын жасаған деген күдікпен қамауға алынған. Олар 15-20 анықтама сатқан. ПТР сынақтарын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы  жасаған. Әуежай қызметкерлері клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзеп жаңалап отырған. Ал жолаушылардың ұшаққа отыруына әуе компанияның қызметкерлері көмектескен. Жолаушылардан ПТР тест үшін алынған қаражатты заңсыз құжат жасаушылар мен әуе компания өкілдері  алып отырған.

Әуежай қызметкерлері қылмыстық кодекстің 128-бабына (дәлелдемелердi бағалау) сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар